Оқылуы: Ә‘узу билләһи минәш - шәйтаанирражиим
Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘узу бикә мин шәрри мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)
Мағынасы: Аллаһтың рақымынан қуылған шайтаннан (жамандығынан) Аллаһқа сиынамын! Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен! Уа, Аллаһ тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, шамам келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің жамандығынан бір Өзің сақтай гөр!Берген нығметтеріңнің бәріне алғысымды білдіре отырып, жасаған күнәларымды толықтай мойындаймын. Мені жарылқап, кешіре гөр! Шынында, Өзіңнен басқа күнәларды ешкім кешіре алмайды.
ерекшелігі: Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны «Сәйидуль истиғфар»
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары (кешірім тілеудің ең жоғары мәртебесі), деп атаған. Өйткені, бұл дұға − құлдарының тәубасын қабыл етуші, ерекше мейірімді Аллаһтан кешірім сұрағанда айтылатын ең жақсы сөздерді қамтыған. Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады» − деп, осы дұғаны әрдайым аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген.
(Сахих Бұхари, да’ауат 5831; Сүнәну Нәсәи, исти’аза 5427; Сүнәну Ахмәд, Мүснәду әш-шәмиин 16488)